20.06.2015, 20:40
Оқылды: 26

Оңай олжа орға жығар

Janibek onai olja orga jigar      Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімінің  кадр жұмысы жөніндегі  аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Орахаевтың  бізге берген мәліметінше, 2012 жылдың  27  маусымы  күні белгісіз біреулер еркін түрде  Жәнібек ауылындағы Ш.Мәжитов көшесінде  тұратын  азаматша  Т-ның үйінен жеке  мүліктерін ұрлап кеткен.

2015 жылдың  18 маусымы күні  «Құқықтық тәртіп» жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында  ұрлық жасады деген күдікпен Жәнібек ауданы  Қамысты ауылының  тұрғыны Ж. есімді азамат анықталып, ұсталды. АІІб-мен тергеу амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале