30.06.2015, 12:20
Оқылды: 21

Оңалту бөлмесінде оңды жұмыс мол

Janakala onaltu    Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасап, оңалту шараларын ұйымдастыру, іске баулу, оларды толыққанды қоғам мүшесі ретінде сезіндіру Елбасы тапсырмаларының бірі.

Осы мақсатта Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан  2012 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бөлмесі ашылған еді.

Бұл бөлмеде күні бүгін 12 бала оңалту емдік шараларын алуда.

Биыл, міне, бұл орталық жаңақызмет түрлерімен толықтырылып отыр. Оның бірі аталған нысандағы балаларды тігін тігуге үйрету.

Уқалау емдік бөлмесі де жаңа ашылып отыр. Күні бүгін 7 мүмкіндігі шектеулі бала, 5 ересек адам уқалау емдік шараларын алуда. Сондай-ақ компьютер үйрену бөлмесі де ашылып отыр. Мұнда Фарида Мұханғалиева жұмыс жасайды. Бұл бөлмеге 10 мүмкіндігі шектеулі бала келіп, компьютермен жұмыс жасауды үйреніп, өздері компьютермен сурет салып, мәтін жазып, уақыттарын қызықты өткізуде.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ АҚБАСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале