28.03.2016, 18:14
Оқылды: 28

Пай-пай, жас жұбайлар!

Taskala pai pai jas jybailar ai   Наурыздың 25-і күні аудандық мәдени-демалыс орталығында жергілікті халықтық театр ұжымы Мұхаметқали Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар!» атты комедиясын сахналады.


Бұл – аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған халықтық театрдың комедиялық жанрдағы алғашқы спектакльдерінің бірі. Қойылым  аудандық халықтық театрдың он жылдығы мен театр күніне орай ұйымдастырылды. Бұған дейін де «Ана, Жер-Ана» секілді бірнеше қойылымдар қойылған болатын. Комедия барысында болмашы әзілдің аяғы үлкен дауға ұласып, жас отбасылардың шаңырағы шайқалуға бір табан жақын қалады. Әйтсе де, қойылым соңында күмән мен тосын сыйдың түйіні шешілгеннен кейінгі жарасқан жұптардың жүзі, шаттыққа бөлемей қоймайды.

Аталмыш орталықтың өнерпаздары өздерінің әртістік қырларын тағы да танытты. Театр ұжымы образдарды тамаша сомдап, киелі сахнада барын ортаға салды. Көреременнің ыстық ықыласына бөленіп, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй мен рухани азық сыйлай білді. Ал,  халықтың күлкісі мен шапалақтары – көрерменнің көңілінен шыққандығының дәлелі. Шара соңында сахна төріне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез және аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Жанар Бисанғалиевалар шығып, құттықтау сөз сөйлеп, спектакл әртістеріне жеке-жеке тоқталды. Сонымен қатар, қойылымның режисері Ботагөз Сәрсенова мен Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы Ақжол Серіковке дипломдар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Манас Әжіғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале