29.07.2015, 18:46
Оқылды: 21

Палата кәсіпкер құқығын қорғайды

Jalpaktal Palata kasipker kykigin korgaidi     29 шілде күні Қазталов аудандық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Аманжол Нығметов Жалпақтал ауылында болып, кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен кездесті.

Отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған болатын. Күні бүгін кәсіпкерлер палатасының филиалы ауданымызда ашылып, жұмыс жасауда. Аудандық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Аманжол Нығметов, консультанты Асфандияр Амангелдиев ауылымыздағы кәсіпкерлермен кездесіп, палатаның алдағы атқаратын жұмыстары, міндет-мақсаттары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, кәсіпкер мен банк  арасындағы кепілдік мәселелеріне қатысты өз ойларын ортаға салды. Аудандық Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Халық Банкі», «Сбербанк России», «БанкЦентрКредит», «Цеснабанк» өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасайтындықтарын айтып өтті.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале