30.03.2016, 12:03
Оқылды: 40

Палуандар бабында

Zelenov paluandar babinda    Облыс орталығында 2003-2005 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық қалалық турнир өтті. 120-дан астам жас бозкілем шеберлерінің басын қосқан жарыста бақ сынаған зеленовтық палуандар өздерін жақсы қырынан таныта алды.


Өз салмақ дәрежелерінде Елдар Рысқалиев, Ник Молдағалиев үшінші, Абдолла Артаев, Жандос Мұратқал, Бекасыл Қасым және Әли Артаев екінші орыннан көрінсе, Әлімгерей Сталь жарыс жеңімпазы атанды. Жас палуандардың бапкері Рафхат Құрманқұловтың айтуынша бұл жаман көрсеткіш емес екен.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале