22.08.2016, 17:49
Оқылды: 43

Партиялықтар балаларды мектепке даярлауда атсалысуда

Әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акцияның өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы оқу жылында да аталмыш шара жалғасын тапты.мектепкеЖол

«Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Орал қаласының №33 жалпы орта білім беретін мектебінде партияның «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясы өтті. Науқан барысында №33 мектептегі тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларға мектепке қажетті құрал жабдықтар мен портфель таратылды.

Акцияның мақсаты –оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру. Бұл акция аясында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихатының депутаты Серік Сүлеймен сайланған округіндегі №33 мектеп балаларына көмек қолын созды. Сонымен қатар, айта кету керек, аталмыш акция аясында «Нұр Отан» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан балаларға түрлі көмек көрсетуде.

Біздің еліміз тәуелсіздік алғанына 25 жыл толғанына қарамастан көптеген проблемалар бар екендігі белгілі. Осындай аз қамтылған отбасыларына мемлекет тарапынан істеліп жатқан көмек өте көп. Соның бір көрінісі ретінде бүгінгі шара болып табылады. Біздің өтінішімізді қабылдап, балаларымызға мектепке қажетті кеңсе тауарларымен көмектесіп отырғаныңыз үшін  мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына, филиал қызметкерлеріне мектеп ұжымы атынан алғысымды айтамын, - деді №33 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ахмади Арғынбаев.

 

 Назгүл Қожанбаева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале