1.07.2016, 16:18
Оқылды: 34

Партиялық жоба аясында бес отбасыға көмек берілді

    partia proekt (1) БҚО «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы «Қазақтелеком» бастауыш партия ұйымымен бірлесіп «Бақытты балалық  шақ» партиялық жобасы аясында бес отбасыға көмек көрсетті.


Солардың бірі - көмекке зәру болып отырған алты балалы Мұхитдиновтер отбасы. Раиса Мұхитдинова өзінің үш баласына қоса апасының үш баласын да бағып-қағуда. Тек отағасы ғана жұмыс жасағандықтан, табыс көзі аздық ететіні ақиқат. Күтпеген жерден келген көмекке Раиса шын ризашылығын білдірді.

partia proektҚалалық партия филиалының кеңесшісі Азат Сағатовтың айтуынша, «Қазақтелеком» бастауыш партия ұйымы ай сайын аталмыш жоба аясында ай сайын көмектесіп тұрады.

Көп балалы, кішкентай сәбилері бар мүгедек отбасына, ДЦП, қатерлі ісік ауруларына шалдыққан балалары бар отбасыларға қолдау көрсетіп келеді.  Көмекке мұқтаж отбасылар партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен өтініштерге сәйкес, сонымен қатар әлеуметтік желілерге, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар арасынан таңдалып алынады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале