4.03.2016, 11:22
Оқылды: 19

Партияның беделі мықты

Terekti partiainin bedeli   2 наурызда Теректі ауданы орталығындағы Достық үйіне облыстан «НұрОтан» партиясының ақпараттық-насихат мүшелері келіп, ардагерлер мен жиын өткізді.


Басқосуды ұйымдастырғандар - республикалық қоғамдық штабтың мүшесі, Орал қаласындағы ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжебай Нығмет, облыстық қоғамдық штабтың мүшесі, еңбек ардагері Александр Савран, М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры Туймеш Даришева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық тәртіптер және жалпы тарих оқытушысы Мақпал Гайсина, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың тарих кафедрасының доценті Асқар Аманбаев. «Нұр Отан» партиясының сенімді өкілдері мен ақпараттық-насихат тобының мүшелері партияның атқарған жұмыстарын, болашаққа жоспарлаған мақсаттарын айтып, ардагерлермен сөз алмасты.

«Қазақстан - 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңінде өмірге келген партия еліміздің өркендеп, дамуына зор үлесін қосуда. 17 жыл бойы парасатты жолды ұстанып, жаңашыл реформалардың жемісін тауып отырған бұл партия қай салада болмасын бедел биігін көрсете білді. Қазіргі таңда жаһандық дағдырыс жүріп жатса да, партия мүшелері артылған жүкті алып шыға алатынына сенімді.

- Кез келген мемлекеттің мақсаты – жас азаматтарды қоғамға сіңдіре білу. Сондықтан әрбір жас толыққанды саналы тұлға ретінде жеке өмірге жол бастау үшін білім алуы, кәсібін меңгеруі, өз құқықтары мен міндеттерін бойына жинақтай білуі тиіс. Сонымен қатар, жастарды азаматтық және моральдық тәрбиеге шақыруымыз керек. Қазақстанның болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Сол себепті, жастарға әрдайым жақсы ой салуымыз қажет, - деді Кенжебай Әлжанұлы.

Ауданымыздың құрметті ардагерлері, зейнеткер ата-әжелеріміз көкейде жүрген сұрақтарын қойып, шешімі табылса деген ниет білдірді. Кездесуден соң, түсіндірме тобының мүшелері аудандық Ардагерлер үйіне бас сұқты. Кейін Долин селолық округінің этно-мәдени орталығына жол тартты. Орталықтың басшысы Надежда Рунова дастархан жайып, украиндық ұлттық тағам түрлерін ұсынып, концерттік бағдарламаның қонағы болуға шақырды.

www.zhaikpress.kz

Күлімхан МАХМЕТҚЫЗЫ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале