15.10.2015, 12:35
Оқылды: 36

Партияның кезектен тыс конференциясы

нур отан акжаик«Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалының кезектен тыс, XVIIІ конференциясы болды. Оның жұмысына партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен қатысты.

Кезектен тыс партия конференциясының күн тәртібіне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасын сайлау, Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросы құрамына өзгерістер енгізу, филиалдың 2015 жылы атқарған жұмысы туралы мәселелер ұсынылды.

Серік Сүлеймен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының  төрағасы Нұрлан Ноғаевтың ұсынысы және Орталық аппараттың келісімі бойынша аудандық филиал төрағалығына аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы Жоламановты сайлау туралы ұсыныс түсірді.

Конференция делегаттары бірауыздан Әділ Жоламановты «Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы етіп сайлады. Сондай-ақ ол партия филиалының Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросы құрамына да сайланды. Әділ Тауфиқұлы өзіне сенім білдірген баршаға алғыс айтты.

Филиалдың биылғы жұмысы туралы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева баяндама жасады.

                 www.zhaikpress.kz

Сағынтай ТІЛЕС

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале