4.07.2016, 18:09
Оқылды: 26

ПАРТИЯ БИЛЕТІН ТАБЫСТАДЫ

Kaztalov partia bileti    «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық  филиалының мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстелде Қазталов ауылдық округ әкімінің орынбасары Айбек Керешов  жиналғандарды Астана күнімен  құттықтап, партияға жаңадан қабылданып жатырған Гүлназ Тажығұтова, Руслан Насыров, Райымбек Нұрекешов, Әмірғали Ищановтарға  партия билетін салтанатты түрде табыстады.


   Салтанатты жиын барысында сөз алған  ардагер Тұрақбай Дүйсенов: -«Нұр Отан» – халықтық партия. Сондықтан, оның мүшесі болу Отанын сүйген, елін, жерін қадірлеген әрбір адамның азаматтық борышы деп білемін. Қазақстанның келешегі кемел. Келер ұрпақтың заманы жарқын, өмірі нұрлы. Күн санап көркейіп келе жатқан Астана Қазақстан Республикасының кіндік қаласы ретінде ғасырдан ғасырға жасай беретіні шындық. Күн санап қанат жайған Астананың болашағы жарқын болып, өркендеп өсе береріне кәміл сенеміз.  Партияға өтулеріңізбен құттықтай отырып,  партия беделін көтеруде, ел игілігіне адал еңбек етіңіздер! –деді.

   Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин сөз алып, партияның жаңа мүшелеріне  алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайық деген  тілектерін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале