12.11.2015, 9:05
Оқылды: 29

ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫ ЕКШЕЛЕНДІ

Zelenov partia jymisi   «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Кәрім Жақыповтың төрағалығымен Бастауыш партия ұйымының кеңесі оздырылды.

Басқосу барысында аудан басшысы өңіріміздің өркендеуіне елеулі еңбегі сіңген «Нұр Отан» партиясының Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін бұрын атқарған Анатолий Константиновичтің зейнеткерлік жасқа шығуымен құттықтап, ыстық ықыласын танытты.

Сонымен бірге, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров , Переметный ауылдық округі қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Николай Анципрович сынды ел азаматтары ақ жарма тілектерін ақтарды.

Ал, Анатолий Сигунов өз сөзінде еліміздің гүлденуіне бір кісідей септігін тигізген үзеңгілес жолдастарына да рахметін жаудырды.
Одан соң «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Тоғызбайұлы партия жұмысы жөнінде сөз өрбітіп, алдағы уақытта әріптестерімен бірлесе «еңбектің қазанында» қайнайтындығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Самал ЖАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале