3.06.2015, 15:37
Оқылды: 25

Партия мүшесіне ескерту

Taskala partia myshesine eskertu  Маусымның 2-сі күні «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Отырысқа «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, комиссия мүшелері және бастауыш партия ұйым жетекшілері қатысты. Осы отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Г.Тұрғанәлиев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Жиында партия жарғысының бабтарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын немесе жағдай жасайтын әрекеттерге барған партия мүшесінің ісі қаралып, қызу талқыланды. Бұл істі қарау кезінде партияласқа сөз беріліп, түсініктемесі тыңдалды. Нәтижесінде бақылау комиссиясының мүшелері өзара ақылдасып, жеңіл ескерту беруге шешім қабылдады.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале