18.11.2016, 21:05
Оқылды: 34

«Партия нақты істермен айналысады»

received_10207753881457431Облыстық мәслихатта «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының есеп беру-сайлау конференциясының отырысы өтті. Облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, аудандық партия төрағалары мен бірінші орынбасарлары, барлық деңгейдегі мәслихат депуттары қатысқан жиын барысында үш мәселе қаралды.


Бірінші мәселе бойынша, яғни партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстары жөнінде Алтай Көлгінов баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірімізде 271 бастауыш партия ұйымы бар. Онда 33336 мүше есепте тұр. Жалпы жыл басынан бері партия филиалының мүшелері 7297 адаммен толықты.
received_10207753882217450-Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының сәуір айында алғашқы отырысында 7 бағыт бойынша жұмыс мақсаттары айқындалды. Комиссия отырыстарынан кейін ұсыныстар қабылданып, олар партияның Орталық аппараты арқылы партиялық тәлімгерлерге, яғни, Парламент Мәжілісінің депутаттарына жолданып келеді. Сайлауалды бағдарламаның мақсатты индикаторлары мен нәтиже көрсеткіштерінің орындалуы фракция отырыстарында, саяси кеңес бюросында тыңдалып келеді. Айталық, «Білім» бағыты бойынша балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту 81,6% көзделсе, бүгінде 99,7%-ға орындалып отыр. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалардың 85%-ы білім алумен қамтамасыз етілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. «Денсаулық» бағыты бойынша облыс халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 71,7 жасты құрайды, бұл көрсеткішті 2020 жылға дейін 73 жасқа жеткізу қажет. «Жұмыспен қамту және халықтың әлсіз топтарын әлеуметтік қолдау» бағыты бойынша адрестік әлеуметтік көмек көрсету көздеген межеге жетті.

received_10207753882057446Азаматтарды тұрғын үймен қамту жоспарға сәйкес уақытылы орындалып келеді. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша барлық қызмет көрсетудің ішінде электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету 65%-ды құрады. «Кәсіпкерлікті қолдау» бағытында «Бизнестің жол картасы -2020» бірыңғай бағдарламасының жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым және несиелер сомасы 70 млрд. теңгеге жетіп, 599 жоба мақұлданды. 22,4 мың жұмыс орны сақталып, қосымша 4,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды,-деді Алтай Сейдірұлы өз баяндамасында.
Партияның облыстық филиалындағы бақылау-тексеру комиссиясының 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстарының есебін тыңдау жиынның күнтәртібіндегі екінші мәселе еді. Бұл туралы аталмыш комиссияның төрағасы Самат Оспанов баяндады.
received_10207753882337453Үшінші мәселе – ұйымдастыру мәселелеріне арналды.
Конференцияны қорытындылап сөйлеген Қаныбек Жұмашев партия тарапынан қолға алынып жатқан іс-шараларға тоқталды. Соның бірі - Парламент депутаттарымен қабылданға заңдарды қадағалау. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға байланысты 59 жаңа заң қабылданған. Сол заңдардың халыққа қаншалық игілігі тиюде? Міне, осындай қағадалау жұмыстары партияға тапсырылған. Өкінішке орай бұл бағытта партия қызметкерлерінің белсенділігі төмен. «Сөздің шыны керек, кейбір біздің партия мүшелерінен «Партия деген не, ол немен айналысады» деп сұраса, жауап бере алмай қалып жатады,-деді Қаныбек Бекболатұлы. -received_10207753882537458Себебі оның баратын жері шара, ұстайтыны жалауша, басына бейсболка киіп шабады да жүреді. Не болып, не қойылып жатқанын өздері де жөнді білмейді. Міне, осындайды болдырмау үшін және халыққа қажетті нақты істермен айналысу үшін біз партиялық жобаларды қолға алдық. Басында 12 жоба дайындалды, қазір оның тоғызы қалды, енді сегіз жоба болмақшы. Яғни олар негізінен иделогиялық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әлеуметтік, экономикалық, жастарды қолдауға бағытталмақшы. Осы жобалар арқылы біз қоғамдағы барлық топты қамтимыз. Және ең бастысы «партия немен айналысады» деген сұраққа ауыз толтырып жауап береміз».
Жиын соңында «Үздік бастауыш партия ұйымы» аталымының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы карикатуралар сайыстарының жеңімпаздары марапатталды.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале