30.03.2016, 19:15
Оқылды: 16

Партия филиалында жаңа басшы

Altai       Облыстық мәслихатта «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХІХ конференциясы өтті. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов, партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов қатысты.

    Конференцияның күнтәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе, яғни облыстық партия филиалының төрағасын сайлауға орай «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов сөз сөйлеп, конференция делегаттарының қарауына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің кандидатурасын партияның облыстық филиалы төрағасы лауазымына ұсынды.


    Делегаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Алтай Көлгінов өзіне сенім білдірген партияластарына өз риазашылығын білдірді.

    Жиындағы екінші мәселе партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізу жөнінде болды.

    Үшінші мәселеге орай Елбасы Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытындағы партияның облыстық филиалының қызметі туралы филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлеймен баяндама жасады.

www.zhaikpress.kz

Мәди ЫҚЫЛАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале