1.03.2016, 17:52
Оқылды: 27

Партия қатары толықты

 NOtan  «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы   ғимаратында  партияның 17 жылдығы қарсаңында партияға жаңа мүшелерді салтанатты қабылдау шарасы өтті.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы 33084 партия мүшесі 267 бастауыш партия  ұйымына біріктірілген.  Соның ішінде партияның қалалық филиалында 9208 мүше, 61 бастауыш ұйым бар.


«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен 17 жыл ішіндегі атқарылған жұмысты саралап, партия құрамына өткен жаңа мүшелерге сәттілік тіледі.

-  Халықтық партия  еліміздің көркейіп, бүгінгі жетістікке  жетуіне халықпен бірге  еңбек сіңіріп келеді. «Нұр Отан» нақты істері арқылы мемлекет пен оның азаматтарының мүддесі, Қазақстан халқының бірлігін нығайту үшін қызмет ететінін дәлелдеді. Біздің партияның құрамында ғалымдар да, мамандар да жеткілікті.  Бүгінгі күні арыз беріп, қатарымызға қосылуға ниет білдіргендеріңіз құптарлық, -деді Серік  Кенжебекұлы. Партияның құрылу күніне орай барлық филиалдарда салтанатты қабылдау шаралары өтті.  Аталмыш салтанатты шарада «Қазахтелеком», «ҚазТрансГазАймақ», «Уральскагроремаш» АҚ- ларының, «Даму», «Ақжайық» бастауыш партия ұйымдарының қатары жаңа мүшелермен толықты.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале