11.05.2016, 10:15
Оқылды: 34

Патриоттыққа баулыған онкүндік  

 

NISH PobedaОрал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдығына және ҚР Қарулы күштерінің құрылған күніне орай «Патриот» онкүндігі өтті.


 

Онкүндік аясында оқушылар «Ерлік елеусіз қалмасын» деген ұранмен ҰОС ардагерлері М.Әбдрахманов пен Г.Шишонковпен кездесті. Оқушылар алдымен оларға жалынды жыр жолдарын оқып, майдан әндерін ұсынды. Кейін ардагерлер тағылымды әңгімелерін баяндап, естеліктерімен бөлісті. Шәкірттерге бейбіт өмірде тек жетістікке жетіп, еңбек ете беруді тіледі.

NISH Pobeda (1)Өз кезегінде сөз алған мектеп директоры Ш.Қадырова осындай бейбіт күн сыйлаған ардагерлер әрқашан құрметке лайық екеін айтып, оларды мәңгі ардақтауға шақырды. Ал 7-8 сыныптар үш тілде өткен «Елімнің тарихы – менің тарихым» атты эссе байқауына қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау қорытындысы негізінде жинақ шығарылмақ. Сондай-ақ әскери-патриоттық сайыс, мектепішілік футбол жарысы, пневматикалық қарудан оқ ату сынағының барлығы Ұлы Жеңістің құрметіне арналды.

Шәкірттер қаламыздағы М.Мәметова атындағы және облыстық тарихи-өлкетану музейлеріне саяхат жасап, Ұлы ерлікке тағы бір мәрте тағзым етті. Мектеп ауласына тал отырғызу арқылы бейбіт елді көріктендіруге атсалысты. Осылайша бұл шаралар зияткерлерді рухани толыстырып, тыныштық пен бейбітшілікті сыйлаған ардагерлерге мәңгілік құрмет көрсетуге баулыды.

www.zhaikpress.kz

Ақмоншақ Жұмаева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале