2.09.2016, 15:56
Оқылды: 17

Переметныйда пиццерия ашылды

 Пиццерия  Зеленов ауданы орталығында жұмысын дөңгелетіп отырған нәзік жандардың бірі – Айсұлу Сапиеваның «Айлана» пиццериясының тұсауы кесілді.

   Ол 1988 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Атамекен ауылында дүниеге келген. Ал, 2006 жылы жанұясымен Переметный ауылына қоныс аударыпты.


  -Аспаздық - сүйікті ісім. Екі жылдай Астана қаласында пиццерияда аспаздың көмекшісі болып жұмыс жасадым. Пицца дайындаудың қыр-сырын сол жерде үйрендім. Ауылға келгесін неге бұл істі өзіме қолға алмасқа деген ой келді. Алғашында бір-екі ай үйден тапсырыс алып, пісіріп жүрдім. Сұраныс болды, тұтынушыларға ұнады. Міне, енді жеке кәсібімді аштым. Пиццаның екі түрін дайындап, тапсырыс бойынша үйлерге тегін жеткізіп береміз. Әзірше, ғимаратты жалға алдым. Болашақта шағын кәсібімнің кеңістігін кеңейту ниетім де жоқ емес. Мүмкіндік болса, мемлекеттік бағдарламамен несиеге қол жеткізсем,- дейді Айсұлу Мұқанғазықызы.

  Ал, оның кәсібіндегі серігі өмірлік жары Жасұлан Сәпиев тапсырысты керекті жеріне жеткізіп отырады. Мұнымен қоса Айсұлу екі адамды жұмыспен қамтыған. Ас мәзірінде пиццадан бөлек, коктейль, кондитерлік өнімдер бар.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале