7.04.2016, 11:46
Оқылды: 15

Подстепный тұрғынынан 12 кг 438гр «марихуана» есірткі тәркіледі

Marihuana_     БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Теректі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Теректі ауданы Подстепный ауылында 1981 жылы туылған И. есімді азаматтың тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде қағаз орамаға оранған салмағы 12 кг 438гр «марихуана» есірткі затын анықтап, тәркіледі.


     Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале