26.02.2016, 14:20
Оқылды: 16

Покатилов ауылында келелі кездесу өтті

Terekti djihad   ҚМДБ өкілдері мен аудандық түсіндіру тобы Покатилов ауылына ат басын бұрды.

    Мәдениет үйіндегі жиылысқа облыстық дін істері басқармасының теолігі Оңғар Ташкенбаев, аудандық мешіттің бас имамы Халықбек Сыдықов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамбек Жақсыбеков, ауыл әкімі Лунара Сердалиева, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Алмагүл Қуандықова және оқушылар қатысты.


     Кездесуде Оңғар Шарықпайұлы қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі  Сирияға кетіп жатқан бауырларымыз жөнінде, асыл дініміздегі «Жиһад» сөзінің түсінігі, өзге діндермен ұқсастығы, басқа мемлекеттердегі діни ахуал, бұрынғы мұсылман мемлекеттері туралы, Түркия мен Ресей арасында болған шиеленіс және облыстағы діни басқарманың жұмысын кең көлемде айтып өтті.

  • Жастардың жаппай Сирияға аттануына, өзге ағымға кіріп кетуіне білімінің жоқтығы және салт-дәстүрімізді білмеуі алып келуде. Қай дінді алсаң да, бейбітшілікке үндейді. Құранда «Бір адамды өлтіру, жер бетіндегі бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп» мұндай жаман істен халықты шектейді. Ал, қазір жағдай мүлдем басқаша. Егер де бір танысыңыздың (туысыңыздың) Сирияға аттанғалы жатқанын немесе дәстүрлі дінімізге жат ақпарат таратқанынан хабардар болсаңыз, (сонымен қатар көкейіңіздегі кез келген сұрақ бойынша) 114-24-46-46 нөміріне хабарласып, жағдайды баяндай аласыз. Мамандар сізбен байланысқа шығады. Қандастарымыздың игілігі үшін осылай қызмет етудеміз, - деді Оңғар Ташкенбаев.

    Ауданымыздың бас имамы Халықбек Сыдықов жиынға келген әр адамға алғыс айтып, әл-Фараби, Ибн Сина, Қожа Ахмет Йассауи, Абай т.б. ата-бабаларымыздай діни және дүниелік білімімізді жетілдіріп, сүйікті Отанымызға қызмет етуді керектігін ескертті.

    Жиын соңында ата-аналар мен ұстаздар осындай келешегімізге пайдалы кездесулердің көбірек болуын сұрады.

www.zhaikpress.kz

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале