1.03.2016, 10:55
Оқылды: 29

Полигонда жастарға өрт сөндіру техникасының көрмесі өтті

Barlik kizikti jas yrpartar yshin   1 наурзы күні біздің елімізді қатарымен екі маңызды мереке өтеді. Адамгершілік пен қайырымдылық күні – Алғыс айту мерекесі, және барлық әлеуметтік топтар арасында өтетін,  шағын кәсіптік – Халықаралық Азаматтық қорғау күні. Осы маңызды күндерге орай Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің оқу полигонында жас ұрпақтарға техника көрмесі өтті. Масштабты шараға Облыстық балалар үйі, кәмелетке толмағандарды бәйімдеу орталығы, М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, Жәңгір хан атындағы мемлекеттік агро-техникалық университеті мен мұнай, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенттері қатысты.


Өрт сөндірушілер өздерінің жас қонақтары үшін өртті сөндіру кезінде, авариялық-құтқару жұмыстары кезінде және адамдарды құтқаратын кезде орындалатын іс-шараларын көрсетті. Шара басында арнайы өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы мен жабыдқатрымен  таныстыру өтті. Өрт сөндірушілер өздерінің құралдарын көрсетіп, өрт сөндіру кезіне ұйымдастыру жұмыстары туралы айтып, жедел Штаб жұмысын көрсетті. Содан кейін ПНС-200 көлігі көмегімен өртті сөндіру кезіндегі жұмысты көрсетті. Жылу шағылдыратын костюм киген және өрт сөндіру көпірімен өртті сөндірген өрт сөндірушілер жас қонақтарға ең қызықты болды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД

Мемлекеттік тіл

және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале