31.08.2015, 19:23
Оқылды: 29

«Полигон зардабы-бітпейтін қасірет»

Janakala poligon zardabi  Биыл еліміздің ядролық сынақ алаңына айналғанына 67 жыл. Осыдан жарты ғасырдан артық жыл бұрын, дәл осы күні Кеңес үкіметі полигондарының ең күрделісі, жаппай қырып жоятын қарудың ең көп сыналған жері – Семей өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс ұйымдастырылды.  1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналды. Соның салдарынан, шекаралық территория халқы өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды.

Бүгін осы атаулы күнге орай Жаңақала ауданында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен жиын өтті. Оған аталмыш сынақ алаңында болып, қасіретін тартқан жаңақалалық азаматтар арнайы шақырылды.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Д.Закарин ашып, ғасырға жуық уақыт өтсе де, Семей палигонының қасіретін халқымыз әлідетартып келе жатқанына қынжылыс танытып, осы қаіреттің зардабын шеккен ел азаматтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектерге тоқталды. Одан әрі жиында сол бір қасіретті жылдардың куәгерлері көрген білгендерін кейінгі ұрпаққа күрсіне отырып жеткізсе, аудандық мәдениет үйінің әншісі Ерлан Сатыбаев жаралы көңілдерді әнмен әрледі. Жиын барысында Семей өңіріндегі ядролық жарылыс  кезінде азаматтық борышын өтеп, ортамызға аман-есен оралған Кеңес Мүбарак, Ізімғали Қарашев, Смағұл Сатыбалды, Шаеров Серік сынды азаматтар аудан әкімінің атынан Алғысхат пен ақшалай сыйақы табысталды.

 www.zhaikpress.kz

Н.Есетова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале