15.06.2016, 15:11
Оқылды: 22

Полицияға бағынбай, не көрінді?

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданында жыл басынан бері «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің» 608-бабы 1-бөлігімен, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольді масаң күйде басқаруы бойынша 21 іс қаралып, 21 адам көлік басқару құқығынан айырылды. Ал 613-бабтың 1-бөлігімен, яғни Ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау бойынша 2 іс қаралып, 1 адамға айыппұл салынып, 1 адам арнайы құқығынан айырылған.


  Егер көлік жүргізушіге ішкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң талап етуi бойынша аялдау талап етілсе, әрине, автомобиль иесі мұны орындауға міндетті. Жол жүріу ережесінің 2.1.2 тармақтары, аталған кодекс те соған меңзейді. Өкінішке қарай, тиісті орган өкіліне бағынғысы келмейтіндер Ақжайық ауданында да ұшырасып қалады. Айталық, Бударин ауылының тұрығыны А.-ға сол тәртіпті бұзғаны үшін заңда көзделген мөлшердегідей, 42420 теңге айыппұл салынды.

  Чапаев тұрғыны У. көлікті жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде басқарған. Сөйтіп, ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған. Ол енді 3 жыл мерзім көлікті басқару құқығынан алыстатылды.

  Атырау облысынан Қ. рөлде келе жатып, Ақжайық ауданының Бударин ауылы тұсында ішкі істер органы қызметкерінің «тоқтаңыз» деген талабын орындамаған. Сондықтан ол келесі жазға дейін көлік құралын жүргіуден шектетілді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале