17.02.2016, 19:01
Оқылды: 94

Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау, оларға тіл тигізу, билік өкіліне қатысты күш қолдану заңмен жазаланады

UVD baginbau    Қазақстан Республикасы ҚК-нің 378-бабының санкциясы бойынша (билік өкілдеріне тіл тигізгені үшін) 100 АЕК-ге дейін айыппұл салынады немесе сондай көлемде 120 сағаттық мерзімге түзету жұмыстарына немесе қоғамдық орындарда жұмысқа тартылады немесе 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынатын болады, - деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметінен Асылай Ғұбашева.


 Сонымен қатар, ашық түрде жұрт алдында бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы полиция беделіне нұқсан келтіретін болса, 300 АЕК-ге дейінгі көлемде айыппұл салынады немесе сондай көлемде 240 сағаттық мерзімге түзету жұмыстарына немесе қоғамдық орындарда жұмысқа тартылады немесе 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынатын болады.

Кейбір азаматтар тәртіп сақшыларының билік өкілдері екенін ұмыт қалдырып, олардың заңды талаптарына бағынбай жатады. Алайда билік өкілдерінің талаптары мен бұйрықтарына елемеушілік танытқандар (ҚР ҚК-нің 379-бабы) аса үлкен көлемдегі айыппұлдан 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі  жазаға тартылатын болады.  Мысалы,  БҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының инспекторы Орал қаласындағы Қызылжар көшесінің бойында шетел азаматтардың төлқұжаттарын тексеру кезінде бір шетел азаматы тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбай, полиция қызметкеріне дөрекі сөздер айтып, балағаттап, бөгде адамдардың көзінше оның ар-намысына нұқсан келтірген. Аталған іс-әрекеті үшін  аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 379-бабы 1-бөлімі бойынша (билік өкіліне тіл тигізгені үшін) жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, жуырда қаладағы С.Тюленин көшесінің бойымен «Тойота Камри» автокөлігін басқарып келе жатқан В. есімді азамат патрульдік машинаның тоқтатуына елемеушілік танытып, асып барып тоқтайды. Өзін таныстырған тәртіп сақшысы аталған азаматтан тиісті құжаттарын көрсетуін өтінеді. Алайда, полиция қызметкерінің заңды талаптарына елемеушілік танытқан ол қашып кетуге тырысады. Десек те жол сақшысы дереу қуып жетіп, қолға түсіреді.  Қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкеріне елемеушілік танытып, түрлі балағат сөздер айтып, қол жұмсайды.  Бұл туралы полиция автокөлігінің бейне түсірілімінде расталады. Билік өкілдерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың қойған талаптарына елемеушілік танытып, қол көтергені үшін ҚР ҚК-нің 378, 379, 380-баптары бойынша әкімшілік жазаға тартылатын болады.

www.zhaikpress.kz

                                         БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале