31.10.2016, 18:58
Оқылды: 39

Полиция қызметкерлері 20 келі уылдырық тәркіледі

%d0%bf%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%96-20-%d0%ba%d0%b3-%d1%83%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d1%80%d1%8b%d2%9b-%d1%82%d3%99   Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қазанның 29 күні кешкі сағат алтылар шамасында рейдтік іс-шара жүргізу кезінде «Самара-Шымкент» тасжолынан  205 шақырым қашықтықта «Опель Омега Караван» маркілі автокөлікті тоқтатады. 1970 ж.т. «С» есімді азаматтың басқаруындағы аталған автокөліктің салонын тексеру барысында ешқандай құжатпен расталмайтын, арнайы контейнер ыдысқа  нығыздалып салынған 20 келі уылдырық табылып, тәркіленді.


  Осы іс ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кешенді жедел-іздестіру, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале