17.08.2015, 19:14
Оқылды: 30

Полиция қызметкеріне күш көрсеткен  

 

КисенАқжайық ауданы орталығының тұрғыны, отыз жастан асқан Н. маусым айының аяғында отбасы мүшелерімен бірге өзеңге шомылуға барып, үйіне қайтар жолында өзінің ішімдік ішкен күйі былай тұрсын, көлігін оны жүргізуге ешқандай құжаты жоқ әйеліне басқартып келе жатады.

Жол жүру ережесін, қоғамдық тәртіпті байқастау мақсатымен жүрген полиция қызметкерлері әлгі көлікті байқаған. Көлікті тоқтатып, оны жүргізуге құжат бар-жоғын анықтау кезінде Н.-нің ішімдік ішіп алғандығы көрініп тұрған. Сондай-ақ жүргізушілік құжаты жоқ бола тұра, әйеліне көлікті басқартып қойғандығы анықталған.

Сондықтан оны полиция бөліміне апармақшы болады, алайда ол екі полиция қызметкеріне қарсы шығып, мәдениетсіз тіл қатып, балағаттап, тіпті күш көрсету арқылы үстіндегі қызметтік киімдерін жыртып, бүлдіруге дейін барған. Осындай қарсылық білдірген Н.-ға полиция қызметкерлері сабасына түссін деп ескерту жасаса да, ол басыла қоймаған. Міне, осындай жағдайдан кейін қолына кісен тағылып, полиция бөліміне жеткізіліп, масаю дәрежесін анықтау мақсатында сараптама өткізілген.

Нәтижесінде Н.-нің қылмыстық әрекеті алдын-ала тергеу бөлімімен ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен дәрежеленіп, прокурордың жолдама хатымен, яғни билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіргені үшін сотқа берілді.

Сот ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық істі қарап, оны кінәлі деп тауып, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 991 000 теңге көлемінде айыппұл салды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале