17.09.2015, 19:03
Оқылды: 231

«Поэзияның заңғар жыршысы»

 J Moldagaliev   Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтің 95 жылдығына орай  «Поэзияның заңғар жыршысы» атты on-line жүйесінде әдеби кеш өтті.

Шара Жұбан ақынның кітаптары мен қолданған бұйымдары қойылған көрменің ашылуымен басталды. Ақын шығармашылығын насихаттауға арналған кештің on-line жүйесінде С.Бәйішов атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен облыстық аталмыш  қатысып, студенттер екі алаңда ақынның «Әлия», «Ана туралы жыр», «Мен қазақпын», «Еділ мен Жайық», «Батырлар туралы баллада», «Қазақ тілі» өлеңдерін оқыды. Әдеби кеш барысында Жазушылар одағының мүшесі, ақын  Айтқали Нәріков сөз алып, ақынның поэзиясынан, азаматтық бейнесінен мысалдар келтіріп, «қазақпын» деп айтуға тиым салынған сын сәттерде «Мен қазақпын» деп жар салған Жұбан ақынның өр рухы туралы жастарға тұшымды ой айтты. Ал көршілес облыстан «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның директоры, ақын Мейірхан Ақдәулетұлы мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Гүлімай Әбішқызы қатысып, жаңа технологияның арқасында Жұбан ақынның өршіл өлеңдері насихатталып жатырғанына ризашылығын білдіріп, бірлескен шараның сәтті өтуіне тілек білдірді.

www.zhaikpress.kz

  Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале