11.09.2015, 12:05
Оқылды: 32

Прагада демалды

ZH   Орал және Ақсай қалаларының бір топ мектеп оқушысы жазда Чехияның астанасы Прагада демалып қайтты. Оларға бір айлық тілдік курсты “Premium Vacation” ЖШС туристік компаниялар желісі ұйымдастырды.

Тілдік курсқа қатысушы 16 оқушы Прагадан басқа Еуропаның Дрезден, Вена, Париж қалаларында болып, білім беру жүйесімен, шаһарлардың көрікті жерлерімен танысты. Аталмыш туристік компаниялар желісінің құрылтайшысы Марат Қайырғалиевтің айтуынша, компания жыл сайынға «Мектепке жол» акциясы шеңберінде балаларға Францияның астанасы Парижге және ондағы демалыс паркі Диснейлендке тегін жолдама беруді дәстүрге айналдырған. Биыл да солай болды.

Компания алдағы жылғы  каникулда Оралдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Париждің кереметтерін көрсетуді ойластыруда. Оған демеуші болғысы келетін азаматтар табылып жатса, құба-құп.

www.zhaikpress.kz 

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале