23.09.2015, 12:02
Оқылды: 18

Президенттік тесттен І орын

Janakala prezidenttik testten Жаңақала ауданында 8-9 қыркүйек күндері Еңбек күні мерекесіне орайҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасытестілерінен іріктеу кезеңі өткізілген болатын. Бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылған сайысқаауылдық округ және аудан мекемелерінен командалар қатысып, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жалпы командалық есепте Жаңақала командасы І орынды жеңіп алса, Жаңажол ауылдық округі командасы ІІ орын, Мәстексай ауылдық округі командасы ІІІ орыннан көрінді. Осы чемпионат қорытындысы арқылы облысқа аудан командасы жасақталып, 2015 жылдың 15-18 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті тестілеріне қатысып, нәтижесінде жалпы командалық есепте 73 ұпаймен Жаңақала командасы І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орын мен ІІІ орынды Бөрлі мен Шыңғырлау командалары өзара бөлісті.

Ал аудан командасы мүшелерінен жекелей А.Ахметова ІІ орын (9-10 жас), М.Рысқалиев ІІІ орын (9-10 жас),  Ж.Молдағалиев І орын (11-13 жас), Б.Жұмабаев І орын (14-15жас), Қ.Үмбетов ІІ орын (40-49 жас), С.Манкаева І орын (40-49 жас), Е.Бисекешов ІІІ орын (50-59 жас), А.Мусина ІІ орын (50-59 жас), М.Хамзина І орын (60 жас)иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Осы сайыста І орын алған спортшыларымыз алдағы қазан айында Шымкент қаласында өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале