21.10.2016, 13:20
Оқылды: 42

Прокуратура жергілікті атқарушы органдарында өтініштерге салғырт қараудың 200-ден астам дерегін анықтаған

%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc-%d0%bd%d1%83%d1%80%d1%82%d0%b0%d0%b9%d0%b9   Бүгін облыс прокуратурасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өңірлік комиссиямен бірлескен алқа отырысы өтті. Оған облыс əкімі Алтай Көлгінов пен облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов төрағалық етті.


- Елбасымыз азаматтардың құқықтық сауатын арттыру керектігін айтты. Осы орайда прокуратура органдарының ықпалы айрықша екені мәлім. «ҚР-ның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» заңына өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдар тарапынан өтініштерді қарау тәртібіне қатысты елеулі кемшіліктер жіберілген. Десек те облыс әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелеріне жолданған арыз-шағым, өтініштер  саны азайып келеді.  Мысалы 2011 жылы 324 мың, 2015 жылы 71 мың өтініш түсті. Яғни, бұл көрсеткіш 4,5 есеге қысқарған. Биыл 8 ай ішінде 41 мыңнан астам өтініш қаралған. Барлық мемлекеттік орган қызметшілері есепке тіркелген кез келген өтініштерді қараусыз қалдырмаулары және уақтылы жауап берулері қажет. Сонымен қатар облыс тұрмыстық қалдықтарды орналастыру, өңдеу жайы да күрделі болып отыр, – деді  облыс əкімі Алтай Көлгінов.

Алқа отырысында баяндама жасаған БҚО прокуратурасында басқарма басшысы Жаннұр Ахметбектің айтуынша, сот органдары биылғы 9 ай ішінде мемлекеттік органдар шешіміне наразылық білдірген 79 азаматтың арызын мақұлдаған. Мұндай мәселелермен прокуратура органдарына жыл сайын жүздеген тұрғын жолығады екен. Олардың көпшілігі тұрғын үй, еңбек дауы, жер телімін иелену, қылмыстық тергеу, көші-қон түйткілдері және салықтық тексеру мен медициналық қызмет сапасына қатысты болады екен. Жалпы жергілікті атқарушы органдарға жүргізілген тексеріс нəтижесінде биыл арыз иелеріне жолданған хат тілінде жауап бермеудің 60 дерегі, өтініштерге салғырт қараудың 200-ден астам дерегі анықталған. Оның ішінде облыс әкімі аппараты, облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма, Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, Сырым ауданының əкімдігі тарапынан заңбұзушылықтарға жол беріліп, жолданған арыздарға заң тəртібіне сəйкес жауап берілмегені белгілі болды.

Ал БҚО бойынша мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Асылан Жанатауов облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар орындарына қатысты ахуалды баяндап, алты ауылдық окургке ғана эмиссияға рұқсат берілгенін айтты. Сондай-ақ 176 елді мекен маңындағы қоқыс үйінділеріне арнайы орын жабдықталмаған және  құжаттары әлі күнге заңдастырылмаған. 2012 жылдан бері Орал қаласы жəне Зеленов, Бөрлі аудандарының аумағында өндірістік қалдықтарды заңсыз орналасуына байланысты 16 қылмыстық іс тіркелді. Нəтижесінде 1,7 млрд. теңге астам қаржы шығын болғаны анықталды.Барлық аудан орталығында сарқынды су қабылдайтын нысандар жоқ, сол себептівакумдық көліктермен белгіленбеген аумаққа төгілуде.

Шарада прокуратура тарапынан күн тəртібінде көтерілген мəселелерге сəйкес шағын бейнероликтер ұсынылды. Облыс əкімі Алтай Көлгінов өтініштердіқарау тəртібіжəне қалдықтарды жинау барысынақатысты мəселелер кеңіненқозғалып жатқанын айта келіп, жауапты жергілікті атқарушы орган басшыларына өткір сауалдар қойды

Нуртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале