21.04.2016, 12:30
Оқылды: 26

Прокуратура кәсіпкерлер мүддесін қорғауға әрдайым дайын

????????????????????????????????????

    Ақжайық аудандық прокуратурасы дәстүрлі «Шенеунік және кәсіпкер» акциясының жүргізілуіне байланысты аудандық бөлім, мекеме, ұйымдар жетекшілерін, ауылдардан кәсіпкерлерді шақыра отырып семинар ұйымдастырды.


     Мемлекеттік құзырлы органдармен жүргізілетін тексерістерге қатысты мұның мақсаты баяндалып, заң талаптарына сәйкес жүргізілу жайы талданып, кәсіпкерлерге қолданысқа енгізілген «Кәсіпкерлік кодексінің» талаптары түсіндірілді. Олардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

     Мәселен жеке кәсіпкер К. өзіне қатысты Ақжайық аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны өзінің қатысуынсыз толтырғанын, 20 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұлмен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, құқықтары, міндеттері түсіндірілмегенін, хаттамамен, айыппұл салу туралы қаулымен қол қойдыру арқылы таныстырылмағанын, барлық құжатқа өзінің емес, жолдасының қолы қойылғаны туралы арыз берді.

      Демек, К.-ге қатысты «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің» талаптары бұзылған, сондықтан оның құқығын қорғау мақсатында аудан прокуратурасымен ықпал ету актісі енгізілді.

     – Бас қосуда,-деді Ақжайық ауданы прокурорының міндетін атқарушы, І сынып заңгері Ерлан Жаңбырбай біздің тілшімізге,- барлық кәсіпкердің назарына әрбір жүргізіліп жатырған негізсіз тексеріс туралы немесе құзырлы органдар тарапынан орын алып жатырған заңсыз іс-әрекетін тоқтату және дереу ықпал ету актілерін енгізу үшін аудан прокуратурасының есігі ашық екені, 91-8-60 сенім телефоны жұмыс жасайтыны айтылды.

     Аудан прокуроры және прокуратура қызметкерлері күн сайын кәсіпкерлерді олардың сұрағы бойынша қабылдау жүргізетіні хабарланды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале