20.06.2016, 10:50
Оқылды: 28

Прокурорлар есеп берді

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

   Облыстық прокуратурада аталған мекеме қызметкерлері Тимурлан Исмаилбаев пен Аслан Жаңатауовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында прокурорлар ағымдағы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Жиынды ашқан ұсталған,  қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеуші тұлғалардың құқықтарының сақталуын қадағалау бойынша облыс прокурорының аға көмекшісі  Тимурлан Исмаилбаев ашып, сотталғандармен жұмыс жүргізудің маңызына тоқталды.


   -Барлық басқа адамдар секілді сотталушылардың да конституциялық құқтары сақталуы тиіс. Сондай-ақ, қылмыс жасап, түрмеге түскен адамдардың ол жердегі тәртібі де басты назарда ұсталады. Өзінің аты айтып тұрғандай, біздің бөлімнің қызметкерлері негізінен, осы бағытта жұмыстанады. Жыл басынан бері бөлім қызметкерлері ІІМ-нің пенитенциарлық және арнайы мекемелеріне 1387 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 266 заң бұзушылықты анықтады, соның ішінде бес бірдей сотталушы мен ұсталғандардың конституциялық құқықтары қорғалды. Заң бұзушылықтарды жою мақсатында 42 ықпал ету актісі енгізілді, оны қарау барысында 43 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, әкімшіліктің 5 заңсыз шешімі бұзылды.

    Сотталушылармен жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде құқық бұзушылық 27,7%-ға (83-тен 60-қа дейін) азайды. Сотталғандардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтарды тіркеу мақсатында мекемеге 27 бейнетіркегіш қойылған. Соның нәтижесінде бас бостандығынан айыру және жазасын өтеу орындарындағы жедел-режімді жағдайды тұрақты түрде бақылауда ұстау мүмкін болып отыр.  Сондай-ақ, түрме тұрғындарының санын азайту бойынша да біраз шаруа атқарылды. Нәтижесінде сотталушылардың шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату (бұдан әрі-ШТМББ) және жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру (бұдан әрі – НЖЖА) туралы арыздары соттарда сапалы түрде қаралып, олардың жалпы қанағаттандырылуы 97,72% (ШТМББ-100%, НЖЖА-97,6%) құрап отыр.

   Бұдан басқа жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңiл түрi-  айыппұлмен алмастыру тәжірибесін көбейту бойынша ұйымдастыру шаралары қабылданды. Сотпен 12 сотталушыға жазаның неғұрлым жеңіл түрі-айыппұлға ауыстырылды, осылайша  бюджетке 6,3 млн теңге аударылды.

  Сотталғандарды ұсақ құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарына жолдаумен қайтадан жіберуді жою бойынша мақсатты жұмыстар жасалды.  Осының нәтижесінде пробация қызметінің тіркеуінен өткен 2072 тұлғаның 24-і немесе 2 пайызы бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді. Бұл өткен жылдың сәйкесті мерзімінде 3,1 пайызды құраған болатын (1388 тұлғаның 41-і).

  Пробация бақылауында есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуы осы тұлғалардың жұмысқа орналасуының 15 %  (55-тен 56-ға), жұмыс квотасы бойынша 11,6 %(38-ден 43-ке)  артуына ықпал етті. Қабылданған шаралар пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталушылар арасындағы қылмыстың қайталап жасауының санын 10%( 10-нан 9-ға дейін)  азайтты. Осындай жұмыс ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалармен де жасалды, нәтижесінде шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудан бас тартылған бақылауда тұрғандардың саны 58,3 % (12-ден 5-ке дейін)  азайды, -деген Тимурлан Шәмілұлы  келесі кезекте «Түрмедегі жұмыспен қамту-2017» түрме реформасы екінші форумының шешімін жүзеге асыру жөнінде әңгімеледі. Оның сөзінше, биыл өндірістік қызметке 4 кәсіпкер тартылып, олар 59 сотталушыны жұмыспен қамтыды. Олар қоян өсіру, темірбетонды өнімдер өндіру, төсек-жабындар тігу және аяқ-киім жөндеу секілді жұмыстармен айналысуда. Бұдан басқа жеке еңбек қызметіне үш сотталушы тартылды.

   Келтірілген шығынды мемлекет кірісіне қайтару бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

  Сондай-ақ, наразылық бойынша жоғарыда аталған мекеменің азық-түлікті сатып алуы туралы заңсыз бұйрықтары бұзылып, нәтижесінде 118 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді.

  Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде сотталғандармен келтірілген шығынды бюджетке  қайтару 5,6 млн теңгеден 12,5 млн теңгеге немесе 2 есеге артты.

  Ағымдағы жылдың өткен 5 айында пробация қызметінің есебінде тұрған 128 сотталғандармен бюджетке 4,9 млн теңге өндірілді.

  Бұдан соң Орал қалалық табиғат қорғау прокуроры Аслан Жаңатауов сөйледі. Ол өз сөзінде облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, атмосфералық ауаның экологиялық қауіпсіздігі, жердің бүлінуіне қатысты  бірқатар тексерістер жүргізілгенін айтты. Оның сөінше, ағымдағы жылдың 5 айында барлығы 169 заң бұзушылық анықталып, 2 наразылық қанағаттандырылды, 25 ұсыныс енгізіліп, 9 заңсыз акті өзгерілді және бұзылды. Сондай-ақ,  9 азаматтың конституциялық құқы қорғалып, 18 тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мемлекет кірісіне 850 млн. теңге өндірілді. Қазіргі уақытта соттармен қоршаған ортаға 4 млрд. теңгеден астам келтірілген залалдың орнын толтыру туралы талап - арыздар қаралуда.

  -Ағымдағы жылы  Орал қаласына жақын жерде жер асты, жер үсті суларымен жерлеріне ықтимал қауіп төндіретін уытты бұрғылау қалдықтарын заңсыз орналастырумен жерге көмудің 2 фактісі қайтадан анықталды, ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 325-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өңірде мемлекеттік экологиялық бақылауды тиісінше жүргізбегені үшін БҚО экология департаментінң басшысы К.Қапанов және оның орынбасары Е.Сапаров ықпал ету актісі бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Табиғат қорғау прокуратурасының тексеру материалдары бойынша қоршаған ортаға қауіп төндіру мүмкін деректерді жасырғаны үшін экология департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросымен тергелуде. Қаржылық міндеттерін орындамағаны үшін табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы бойынша көмірсутек шикізатын барлауын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы «Интеграция-Ойл» ЖШС-мен келісім-шарт бұзылды.

  Табиғат қорғау прокуратурасымен құқық қорғау және уәкілетті органдардың бірлескен жоспарын орындау шеңберінде балық аулаудың 148 құралы, 8,4 тонна ұсақ балықтар, 190 кг. бекіре балықтары анықталып, алынды. Көрсетілген бұзушылықтары үшін 106 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 11 қылмыстық іс қозғалды.

  Прокурордың наразылығы бойынша облыс мәслихатының «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешімі тиісті сәйкестендірілді.

   Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруды жүргізбей жүзеге асыруы және аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының талаптарын орындамай аңшылық шаруашылығымен айналысуының деректері анықталды.

   Ықпал ету актісі бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізу бойынша 7  шарт бұзылды және аңшылық шаруашылығының 8 субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

   2016 жылдың 25 сәуірінде табиғат қорғау прокуратурасымен жануарлар дүниесiн қорғау саласы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің өңірлік инспекциясы, «Охотозоопром» өңірлік мемлекеттік кәсіпорнымен облыстық ішкі істер департаменті шақырыла отырып, ведомствоаралық кеңес өткізілді. Оның нәтижесінде киіктерді қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында оларды қорғау бойынша жетекшілік ететін барлық органдардың жұмысын анықтауға ықпал ететін, қойылған міндеттерді шешу үшін анық және реттелген кешенді әдіс жасақталды. Ағымдағы жылы браконьерліктің 6 дерегі анықталды, 16 киік бойынша келтірілген жалпы залал 6 787 200 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта 5 қылмыстық іс тергеп-тексеру сатысында, 1 тұлға сотталды.

   Авиациялық тіркеудің мәліметі бойынша, 2016 жылы облыстағы киіктердің саны 70 мыңнан астам.

   «Азаматтық қорғау туралы» Заңының қолданылуына тексеріс жүргізу нәтижесінде нашар жағдайда тұрған 12 гидротехникалық құрылыс анықталды. Аталған дерек бойынша БҚО бойынша төтенше жағдайлар Департаментімен аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және қаржыландыру бойынша шаралар  қабылдануда,-деді Аслан Болатұлы өз сөзінде.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале