2.07.2015, 21:50
Оқылды: 21

Прокурорлық тексеру басталды

Prokuratura   Бүгін Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының қызметкерлері жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге мұнай қалдығын тасымалдау, сақтау және залалсыздандырумен айналысатын  "СТН" ЖШС-нің технологиялық алаңында болды.

Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі аумағында орналасқан аталмыш алаңда серіктестік менеджері Бей-Ғасыр Әлмұқановтың айтуынша, негізінен Чинарев кенішінен мұнай қалдығы залалсыздандырылады. "Біздің жұмысымыз Қазақстан Республикасының экологиялық заңдылығы талабына толық сай келеді. Технологиялық алаңның өзі бұрынғы Усихино ауылынан бір шақырым жерде орналасқан, тасымалдауға қолайлы, күрежолға жақын тұр. Орынды таңдағанда топырақ құрамында суды тереңге жібермейтін саздың мол болғандығы ескерілді. Серіктестік үш жылдың ішінде 60 мың тонна мұнай қалдығы мен сарқынды суларды химиялық реагенттердің көмегімен залалсыздандырды. Тазаланған топырақ әрі қарай құрылыстық мақсатқа, жол төсемі ретінде пайдалануға жарамды" - деді менеджер.
Облыстық прокуратураның  бірінші басқармасының басшысы Жаннұр Ахметбек облыста мұнай қалдығын заңсыз төгуге байланысты осы саладағы барлық кәсіпорын-ұйымдардың жұмысына кешенді тексеру басталғанын мәлімдеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале