29.10.2015, 14:01
Оқылды: 32

«Пульс города» газетіне – 25 жыл  

 

пульсОрал қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қалалық «Пульс города» газетінің 25 жылдығы арналған салтанатты шара өтті. Газет ұжымын  құттықтауға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен қала әкімі Алтай Көлгінов арнайы келді.

Салтанатты шара барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенконың құттықтау жеделхаты оқылды.

Бұдан әрі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, Ресейдің Орал қаласындағы вице-консулы Юрий Пономарев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнәз Құлжанова, қалалық мәслихат депутаттары атынан Ляна Тұрсынова және өзге де меймандар газет ұжымына ізгі тілектерін жеткізді.

Жиын соңында аталмыш газеттің бас редакторы Сәуле Загидуллина қуаныштарына ортақтасып келген барша қонақтарға өз алғысын білдірді. Мерекелік шара концертке ұласты.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале