26.10.2015, 20:00
Оқылды: 27

Пушкиндік күзгі балл

пушкинский бал (3)Ақжайық ауданының орталығындағы орталық модельді балалар кітапханасында «Унылая пора! Очей очарованье!» атты пушкиндік күзгі балл ұйымдастырылды.

Жастар, тұрғындар, Чапаев №1 орта мектебінің оқушылары, мұғалімдері, «Радуга» славян мәдени орталығының мүшелері шақырылған шарада балалар шығармашылығы орталығының үйірме жетекшілері жапырақтан топиарий жасап, боди-арт суретін салып берсе, балалар саз мектебінің фортепиано сыныбының оқытушысы Әлия Үмбетова, классикалык шығармаларды аса шеберлікпен орындады. Ал «Радуга» славян мәдени орталығының мүшелері әдеттегідей халық әндерін орындап, кештің көркін асырды.

Шара барысында Пушкин шығармаларының желісі бойынша шағын қойылымдар, яғни «Балықшы мен балық» ертегісі, «Пиковая дама», «Барышня-крестьянка», «Татьянаның Онегинге жазған хатынан» көріністер қойылды. А.С.Пушкиннің күтушісі Арина Родионовнаны еңбек ардагері Людмила Акутина сомдап, әйгілі ақынның өмір жолы мен шығармашылығы бойынша әзірлеген викториналық сұрақтарға жауаптар қайтарылды. Қатысушылар Пушкин өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Шараға белсене қатысқан балаларға сыйлықтар табыс етілді. Балалар шығармашылығы орталығының «Шабыт» би тобы (жетекшісі Оңғар Гүлден) барлық қатысушыны қатыстыра отырып, вальс биледі.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале