24.07.2015, 16:30
Оқылды: 17

«Равнийный» разъезді маңынан екі мүрде табылды

Bokei 01011  Жақында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай арнайы құрылған экспедиция мүшелері Сайқыннан тура 19 шақырым жердегі «Равнинный» разъездінің батыс бетінен 2 жауынгер мүрдесі мен иттің сүйегін тауып алып, аудандық полиция қызметкерлеріне тапсырып, сараптамаға жолдаған-ды. Сараптама нәтижесінде адам мүрделеріне шамамен 70-80 жыл болғаны және олардың жауынгерлер мүрдесі екенін анықталды. Әрі олардың қасынан табылған снаряд жарқыншақтары, өзге де деректі заттар соған кепіл. Ендігі жерде бұл боздақтардың мүрдесін барлық әскери құрметпен қайта жерлеу жоспарлануда. Мұнымен құзыретті органдар айналысып жатыр.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале