14.08.2015, 13:30
Оқылды: 23

«Радуга» ұланғайыр іс тындыруда

 

радугаАқжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов Чапаевтағы «Радуга» славян мәдени орталығының тыныс-тірлігімен танысты.

Бұл орталықтың құрылғанына үшінші жылға қадам басты. «Радуга» «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «100 нақты қадамды» қалың бұқара арасында насихаттауда, жас ұрпаққа халқымыз құндылықтарын жеткізуде ұланғайыр іс тындырып келеді.

Әкіммен жүздесуде орталық жетекшісі Валентина Боричевская ҚХА жылындағы сан қырлы істерді айтып берді. Атаулы жыл құрметіне радугалықтар көршілес аудандарда сапарда болып, Отанымыздағы бірлік, ұғыныстық, имандылық рухының өрісі тақырыбында тұрғындармен кездесулер өткізді. «Радуганың» еңбек ардагері Анна Мортавицкая бастаған хор ұжымының өнері де БАҚ арқылы республикаға мәлім. Чапаевтағы тарихи өлкетану музейінде «Радуганың» көрмесі жұмыс жасайды.

«Нұрлы жолда», «100 нақты қадамда» қазақстандықтардың біртектілігін нығайтуда, азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыруда, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжытуда барша тұрғынның түсіністігі айрықша маңызды екені тайға таңба басқандай айқындалған.

«Радугалықтармен» дидарласуда аудан басшысы осы туралы кеңінен әңгімеледі, орталықтың ауыл-елге аса қажеттті жұмысына жеміс тіледі.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале