18.06.2015, 18:08
Оқылды: 40

Рамазан – адам баласына зор сый және нығымет

Akparat ramazan ayi   Кеше кеште Ақжайық аудандық мешітінде намазға жиналған жамағатты аудан әкімі Әділ Жоламанов Рамазан айымен құттықтады. Ол ораза ұстаушыларға ниеттерінің, барлық дұға-пейілдерінің орындалуын тіледі. «Рамазан – Алланың адам баласына зор сыйы және нығыметі, бірлігіміздің, имандылығымыздың тұнық қайнары» деді Әділ Тауфиқұлы.

Биылғы Ораза да ауыл-елімізге ерекше ахуал, яғни ағайынға көтеріңкі көңіл-хош, қайырымдылыққа деген зор ұмтылыс алып келді. Ауданда ауқымды қайырымдылық қозғалысы өтеді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале