12.06.2015, 9:14
Оқылды: 26

Рамазан айы – қасиетті мереке

ZH   Қасиетті Рамазан айы келеді соған байланысты Қаратөбе ауданындағы үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен және мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиевтің ұйытқы болуымен  баспасөз мәслихаты өтті.

Орталық мешітінің бас имамы Әділжан Төлебайұлы өз сөзінде  Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де, кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. Ораза ұстау ислам дініміздегі бес парыздың бірі. Қасиетті рамазан айында мұсылман адам рухани жан дүниесін тазартып тәубаға келетін ай екенін жеткізді.

Басқосуда бас имамымыз  Рамазан айның қасиеті, ораза ұстаудың тәртіптері  мен хикметтері, тарауық намазының оқылуы, биылғы пітір садақа мөлшері, зекет туралы тағы да басқа мәселелер бойынша әңгімеледі. Қасиетті Рамазан айында мейлінше қайырымдылық шараларын көбірек ұйымдастырса  істеген амалдарымызға еселеніп сауаптар жазылатын берекелі ай екенін айтты.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале