6.04.2016, 17:48
Оқылды: 20

«Рауандағы» жетістік

Akjayik terme!!     Алматы қаласындағы Оқушылар сарайының қолдауымен, «Күншуақ.kz» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Рауан» Республикалық фестиваль-конкурсы өтті. Аталмыш шараға Ақжайық ауданының орталығындағы балалар музыка мектебінің оқушылары мектеп директоры Армангүл Нариманқызының жетекшілігімен қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.


     Терме класының оқушылары, атап айтқанда, әйгілі Ғ.Құрманғалиевтің әні «Оралымды», Шал ақынның термесін орындаған Аружан Әділхан мен «Сәлем, Қазақстан!» (Ғ.Құрманғалиев) мен Сыпыра жыраудың термесін төгілткен Аружан Батырғазиева (жетекшісі Сұңғат Жанаев) жоғарғы топтан жүлдегер атанып, екеуі де Гран-приге ие болды. Фортепиано класының 1 класс оқушысы, ұлы Абайдың «Айттым, сәлем, Қаламқасын», Бахтың «Двухголосная инвенция» атты туындысын орындаған Гүлшат Саин (жетекшісі Әлия Үмбетова) кіші топтан ІІ орын иегері атанды. Жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды.

 www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале