5.07.2016, 15:20
Оқылды: 24

Редакция ардагерлері мен сала қызметкерлеріне құрмет

  Бүгін Қаратөбе аудаРедакциянының әкімі Асхат Шахаров «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы – аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясының ардагерлері мен сала қызметкерлерін қабылдап, оларды мерейлі мереке Баспасөз күнімен құттықтады.


Ұстаздар үйінің мәжіліс залында өткен мерекелік басқосуда аудан басшысы Асхат Берлешұлы аудан айнасы боп саналатын, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымның бүгінгі тыныс-тіршілігін сөз етті.Редакция
Қаратөбе өңірінің жасампаз істерге толы шежіресі мен тарихын жазуға үлес қосқан аға буын өкілдерінің ерен еңбегіне ерекше басымдық берді.
Ардагерлер атынан сөз алған Альфия Мұхамедрахимова, Қырым Ізғалиев, Берік Қалкенов сөз сөйлеп, ерекше құрмет көрсеткен аудан басшылығына, аудандық ішкі саясат бөліміне, редакция ұжымына зор алғыстарын білдірді.Редакция
Дастарқан басындағы жылы шырайлы мерекеде аудан әкімі А.Шахаров ардагерлерге құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Аудан әкімінің қолынан құттықтау хат алған сала қызметкерлері ішінде газет редакторы Е.Бимұханов пен газет ұйымдастырушысы О.Нәукеев бар.

www.zhaikpress.kz
Тоты АСҚАРҚЫЗЫ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале