13.01.2016, 20:29
Оқылды: 30

Ресейге кеткен танысының қос пәтерін иемденіп алушы сотталды

Symbol of law and justice in the empty courtroom, law and justice concept.

  Бөрлі аудандық сотының үкімімен С. деген азамат ҚР ҚК 177 бабы 3 бөлігі «б» тармағына (1997 жылғы редакцияда) сәйкес айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотталушының айыбын мойындағаны және бұрын сотталмағанын ескерген сот сонымен қатар, ҚР ҚК 63 бабы негізінде аталған мерзімге пробациялық бақылау орнатты.

Сот талқысында белгілі болғанындай, М. есімді азамат Ресейге қоныс аударуына байланысты өзінің танысы С-ға Орал мен Ақсай қаласындағы екі пәтеріне қарайлай тұруды өтінген. Алайда, С. жалған сенімхат жасатып екі пәтерді таныстарының атына жаздырған. Кейін екі пәтерді де өзі иемденіп алған.

Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында кінәні мойындау туралы прокурор мен сотталушының арасында процестік келісім жасалған. Сот осы келісім негізінде жүргізілді.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале