10.06.2015, 16:04
Оқылды: 20

Ресейден жүлделі оралды

turnir_sambo1Жуырда Ресей Федерациясының Тұзтөбе қаласында оздырылған жасөспірімдер арасындағы самбо күресінен Ресейдің ашық біріншілігінде Зеленов ауданы Дариян ауылының жас палуандары тамаша нәтиже көрсетті.

Атап айтсақ, 25 келі салмақ дәрежесінде белдескен Алтынбек Бақтыгереев пен 35 келі тартатын балалар арасында сынға түскен Ахмет Мұратов ІІІ орыннан көрінсе, 30 келіде боз кілемге шыққан Дияс Кенжеғалиев қарсыластарын қоғадай жапырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Нурызбек және Фарид Сәпиевтерден тәлім алып жүрген палуандар әлі талай белесті бағындырады деген сенімдеміз.

www.zhaikpress.kz

Гүлжан Аязбаева

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале