18.09.2015, 10:02
Оқылды: 23

Ресейде өткен форум

«Janibek Reseide otken jorumЖақсы көрші – төрің», - дейді ата-бабаларымыз. Қазақ халқы көршісін ерекше құрметтеп, ынтымағы жарасып, сыйласып отырған. Сондай мызғымас достықтың айқын көрінісі Ресей жеріндегі көршілес Палласовка ауданының Ромашки селосында өткен асыл тұқымды мал басын дамыту туралы форумында дәлел болды. Біздің ауданнан бұл шараға аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Роберт Бигалиев пен ҚР АШМ Жәнібек аудандық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекция басшысы Еділхан Жүкеев барып келді.

РФ мал шаруашылығы жөніндегі департамент басшысының орынбасары Харон Амерханов пен Волгоград облысы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Александр Беляев қатысқан форум асыл тұқымды мал басының көрмесімен басталды. Көрмеде «Ромашковский», «Красный Октябрь», «Нива», «Палласовский» сияқты ауыл шаруашылық өндіріс кооперативтерінен еділбай, биязы жүнді меринос қойлар, асыл тұқымды ірі қара мал көпшіліктің назарына ұсынылды. Ресейдің Дағыстан, Башқұртстан Республикасы және Ростов, Саратов, Астрахань, Свердлов облыстарынан ірі шаруа қожалықтарының жетекшілері мен ауыл шаруашылық өндіріс кооперативтерінің төрағалары көрмені тамашалап, тәжірибе алмасты. Одан кейінгі кезекте «Ромашковский» ауыл шаруашылық өндіріс кооперативінің төрағасы Владимир Аноприенко форумға келген қонақтарды асыл тұқымды мал басын дайындайтын жерлерге апарып, жұмыс барысымен таныстырды.

www.zhaikpress.kz

Данияр ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале