11.01.2016, 16:15
Оқылды: 42

Ресей азаматы Жәнібек ауданындағы шекарадан киік етін алып өтпекші болған жерден ұсталды

 

Janibek kiyk eti01      ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2036 әскери бөліміне қарасты Жәнібек шекара бақылау бөлімшесінің бастығы, майор Н.Атабаевтың берген мәліметі бойынша, 2016 жылы 8 қаңтар күні сағат 22:00 шамасында  Жәнібек шекара бөлімшесінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына «УАЗ» автокөлігімен өтпекші болған  А. есімді Ресей азаматының көлігінен шекара наряды құрамында сержант М.Молдағалиев пен кіші сержант А.Каташев қол жүктерінің арасынан қорапқа салынған 20 килограмдай жабайы аң етін анықтаған.


 

Бұл етке рұқсат құжаттары болмағандықтан және тексере келгенде қол жүгі арасынан табылған зат жабайы киік етіне ұқсайтын болғандықтан  А. есімді азаматпен тәркіленген ет Жәнібек аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылған.

Janibek kiyk eti02

 

Қазіргі кезде тексеру амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

      А.ҚУАНҰЛЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале