5.10.2015, 11:31
Оқылды: 27

Ресей елшісімен кездесуде екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері сөз болды

Kabildau foto   Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарниковты қабылдап, онда екі ел және шекаралас аймақтар арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері сөз болды. 

Жуырда Сочиде қос мемлекет басшыларының қатысуымен өткен шекаралас аймақтардың ХІІ форумында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды шешімдер қабылданғаны мәлім. Өңір басшысы Н.Ноғаевтың атап өткеніндей, Батыс Қазақстан Ресейдің бес бірдей облысымен шектесетіндіктен, солардың бәрімен де тығыз байланыс орнатуға күш салынып келеді. Нәтиже де жоқ емес. Мысалы, соя секілді неғұрлым мол өнім беретін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара тиімді сауда-экономикалық байланысты өрістетудің маңызы зор.
М.Бочарниковтің айтуынша, әлемдегі дағдарысқа қарамастан, Ресейдің Қазақстанның сыртқы айналымындағы үлесі 17-ден 19 пайызға дейін өсіп отыр. Сондықтан, дағдарыстан туындайтын жағдайларды да барынша тиімді пайдаланып қалу керек. Бұған қоса елші таяу арада Астана қаласында экономика саласын дамыту мәселелеріне арналған ірі парламентаралық форум өтетінін жеткізді. Оған Ресейден Мемлекеттік дума басшысы Сергей Нарышкин бастаған үлкен делегация келмек.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале