16.09.2015, 9:30
Оқылды: 20

Республикалық акцияға ұстаздар мен ата- аналар да қатысуда

Shingirlau mektepke jol    Шыңғырлау ауданы орталығындағы Л.Қылышев атындағы  Шилі орта жалпы білім беретін мектебінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда. Акция барысында қолдау көрсетіп, мұқтаж балаларға көмек қолын ұсынған қайырымды жандардың арасынан табыла білген мектеп ұстаздары ұжымын атап кеткен жөн.

Өйткені, 35 мың теңге қаржы көлемінде сонымен қатар, киім - кешекпен және оқу құралдарымен мектеп оқушыларына көмек көрсетті. Білім мен тәрбиесін шәкірттен аямаған ұстаздар, қайырымдылық акциясы кезінде де мейірімнен кенде емес екендіктерін көрсете білді.

Сонымен қатар, көмектері мен мейірім шуағын ұсына білген қайырымды ата- аналарда қолдау көрсетуде.

www.zhaikpress.kz

Шыңғырлау ауданы

Әйгерім Жайлиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале