19.01.2016, 11:31
Оқылды: 26

Республикалық акция аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға көмек берілуде

акжаик комекЖалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық республикалық акциясына орай Ақжайық ауданындағы Тайпақ мектеп-гимназиясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 41 балаға көмек ұйымдастырылуда.


Айлықтың алғашқы аптасында-ақ табысы аз отбасылардың ұл-қыздарын киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етуде ауқымды іс орындалды. Қайырлы іске айталық, кәсіпкерлер Райгүл Қапарова мен Зәуреш Таменова 10000-нан, Оралғаным Досанова мен Әмина Аманғалиева 6000-нан, Маржан Казимова 7000, Маржан Жәңгірова 8000, Венера Иманғалиева – 4000, Тұрсын Амирова – 5500, Ұлболсын Тұралиева – 2000 теңгеден үлестерін қосты. Мұғалімдер, ата-аналар да осындай көмекке атсалысуда.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале