27.06.2016, 13:19
Оқылды: 20

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ТОБЫ - ЗЕЛЕНОВТА

respublikalyk akparattyk top Зеленов ауданына діни толеранттылық және діни экстремизм мен терроризмді алдын алуды қамтамасыз ету мәселері бойынша республикалық, облыстық ақпараттық насихат тобы келді.


Топ мүшелерінің құрамында ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми - зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірасылқызы, аталмыш комитеттің талдау және аймақтық жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Жанбота Қарашолақов, БҚО Дін істері басқармасының бөлім басшысы Баянгүл Семғалиева, атаулы басқарманың «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» мемлекетік  коммуналдық мекемесінің теолог маманы Бауыржан Қожагелдиев бар.

Зеленов ауданы әкімшілік ғимаратындағы жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов діни бірлестіктердің негізгі мақсаты еліміздегі ұлтаралық келісім мен діндердің үндесуін қамтамасыз ету екендігін сөз етті.

Одан әрі ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми - зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірасылқызы Ақтөбеде өткен лаңкестік оқиғаның себептерін айта келе, сәләфизм туралы ақпарат беріп, әрі қарай дін хақында ойларын орта салды.

Мұнан кейін  елдің діни ахуалымен танысу сапарын айтқан ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі Дін істері комитеттің талдау және аймақтық жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Жанбота Қарашолақов елімізде қазіргі таңда атқарылып жатқан республикалық шаралар, атаулы комитеттің жұмысы, мәселелерді ретттеу туралы егжейлі-тегжейлі әңгімелеп берді.

Басқосу барысында Янайкин селолық округінің әкімі Исатай Мұғалбаев дәстүрлі емес діни ағым өкілдеріне қатаң жаза қолдануды жіті назарға алу қажеттігін айтса, Белес селолық округінің әкімі Адам Имашев дәстүрлі діннің дәстүрлі емес діннен айырмашылығы, Достық мектебінің директоры Светлана Голубева мектеп формасы, Январцев мектебінің мұғалімі Дамир Батыржандар көшеде дәстүрлі емес ағымның өкілі кездесіп қалғанда не істеу қажеттігі төңірегінде сауалдарын тастады.

Ал Зеленов аудандық «Нұр Отан» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыр осындай жиындарда қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтардың ескерусіз қалатындығын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің таратқан мәліметінде шынайылықтың жоқтығын,  ақпараттың алшақтығын, әлі де ерекшелікпен жұмыс жасау керектігін тілге тиек етті.

Меймандар халықтың үніне құлақ түріп, ұсыныстарын тыңдап сауалдарға жауап бере отырып, бірқатар әңгіменің басын қайырды.

Теріс ағымдар жайында ақпарат беріп, сауалдарға жауап қайтарған қонақтарға Зеленов ауданының әкімінің орынбасары А.Досжанов шараны қорытты.

Республикалық, облыстық ақпарат тобының мүшелері бұл шарадан соң аудан орталығындағы мешітте «Жат ағымға арбалған жастар» тақырыбы аясында жамағатпен жүздесіп әңгімелесті.

Содан соң Зеленов ауданына қарасты Трекин селолық округіндегі тұрғындармен кездесу үшін ауылға аттанды.

www.zhaikpress.kz
Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале