29.03.2016, 18:41
Оқылды: 43

Республикалық байқаудан – Бас жүлде

Akjayik respublikalik baikaudan bas jylde   Ақжайық аудандық балалар шығармашылық орталығының барлық ақжайықтық мақтан тұтар жетістіктері аз емес. Мысалы, осындағы қосымша білім беру педагогы, «Көркемсурет» үйірмесінің жетекшісі Қайсар Сисенғазиевтың шәкірттері тіпті Беларусь, Өзбекстан елдеріндегі халықаралық байқаулардан жүлделі орындар алып жүр. Ал міне, ауданға тағы бір сүйінші хабар жетті. Білім алушылардың Қазақстанның келешек экономикасы мен еңбек нарығына қажетті және сұранысқа ие болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауы, кәсіпті зерттеудегі шығармашылық ыңғайын белсендендіру, кәсіптік бағдарды ұштау мақсатында 2016 жылдың наурыз айында республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Мен мамандықты таңдаймын» атты республикалық байқау ұйымдастырды.


Осы айтулы шараға қатысушы, аталған «Көркемсурет» үйірмесінің мүшесі, чапаевтық 8 сынып оқушысы Алма Жексенованың еңбегі бас жүлдеге лайық деп танылды. Ол өз суретінде таңдаған мамандығын бейнелеп, өз арманын, қиялын сиқырлы қылқаламмен жеткізе білді. Келешекте дизайнер болуды армандайтын Алманың табысы ел мерейтойы жылындағы ауданның жетістіктер шежіресіне сүбелі үлес болып қосылды.

 www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале