15.08.2016, 16:43
Оқылды: 62

Республикалық «Борышкер» шарасы басталды

Салынған айыппұлдардың өндірілу көрсеткішін көтеру және салынған айыппұлдарды уақытында төлеу саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылардың орындалуына бақылауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 15-24 тамыз аралығында облыс аумағында «Борышкер» ЖАШ басталды.

Аталмыш шара қарсаңында БҚО ІІД ЖПҚ бастығы полиция полковнигі Манарбек Габдуллин осы шараның өтілуіне мүдделі бірнеше департамент пен басқарма басшыларының басын қосып, кеңес өткізді. Кеңес жұмысына БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Мұрат Умралиев, БҚО әділет департаментінің басқарма басшысы Абзал Қожахметов, Өңірлік және сот орындаушылары палатасы басқарма басшысының орынбасары Қанат Баянғалиев, БҚО ІІД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Жанболат Жаншин, Орал қ.ІІБ ЖПҚ бастығы полиция подполковнигі Муслим Жәрдемов, Орал қ.ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Эрсайн Тумангалиев, БҚО ІІД ӘПБ, БҚО ІІД ЖПҚ, Орал қ.ІІБ ЖППБ испекторлық құрамы қатысты. Кеңесте алғаш көз алған БҚО ІІД ЖПҚ бастығы полиция полковнигі Манарбек Габдуллин акцияны өткізуге мүдделі бірнеше мекеме, департамент басшыларының қойылған тапсырмаларды іске асыру мақсатында жұмыла жұмыстануға шақырды. Сонымен қатар, республикалық акция аясында рейдке шығатын 6-7 көлікті қала аудандарына бірнеше топтарға бөліп, қала бойынша қарызы бар азаматтардан қарыздарын өндіру үшін мекен-жайларына барып, нақты тұратын үйлері анықталуы тиіс еді. Тұратын, жұмыс орны және оқитын орындарының мекен-жайларын анықтауды әрбір учаскелік полиция инспекторына жүктеді. Яғни, әрбір учаскелік полиция инспекторы өз аумағындағы әкімшілік айыппұлдарын төлемеген тұлғалардың тізімін әзірлеуі тиіс.IMG_9098

Облыс бойынша 516 млн. 686 мың 005 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы 59.923 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қаулы шығарылып, соның ішінде 36.987 әкімшілік материал немесе жалпы санының 61,7 пайызы бойынша 278 млн. 443 мың 655 теңге өндіріліп, өндірілуі 53,9 пайызды құраған.

Бүгінгі күні 22.937 әкімшілік материал немесе жалпы санының 38,3 пайызы бойынша 238 млн. 242 мың 350 теңге өндірілмей қалып отыр, соның ішінде:

- 170 млн. 632 мың 812 теңгені құрайтын 17.452 әкімшілік материал ерікті түрде орындалуда;

- 67 млн. 609 мың 538 теңгені құрайтын 5.485 материал еріксіз түрде өндірту үстінде.

«Шеп» стационарлық бекеттері жүйесінде орналасқан ақпараттық-төлеу терминалдары арқылы 71 млн. 310 мың 833 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.

Келесі ретте, жеке сот орындаушыларының мәліметіне сүйенсек, дәл қазір жол ережесін бұзған тұлғаларға қатысты 2000 хаттама бар екен. Бұндай тұлғалар айыппұлдарын немесе қарыздарын өтей алмаған жағдайда рейдке шыққан құзырлы органдар үйіндегі жеке мүліктерін тәркілейді.

Кеңесте  бірнеше аудандарда сот орындаушылары жоқ, жауапты мамандар бекітілмеген деген сауал туындады. Бұл сұраққа  Өңірлік және сот орындаушылары палатасы басқарма басшысының орынбасары Қанат Баянғалиев Бөкей ордасы мен Казталов аударында сот орындаушыларының жоқтығын, өзге аудандарда қызмет оң жолға қойылғанын баяндады.

Кеңес соңында мүдделі мекемелер мен департаменттер 10 күндік акция аясында бірлесе жұмыстануға уағдаласты.

Гүламан Исмагулова

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале